План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия
столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Дж. Пуччинидің «Турандот» операсының премьерасы

Промо:

Өтетін орны: «Астана Опера» МОБТ

Күні: 22 - 23 маусым

БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ (Ticketon.kz 22 маусым)

БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ (Ticketon.kz 23 маусым)

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Давиде Ливермор (Италия)

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Режиссердің ассистенттері – Наталья Кагадий, Ерен Тойкенов  

Опера либреттосының негізінде ХІІ ғасырдағы парсы поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жинағына енген поэмасы жатыр, оны бұл топтамадан итальяндық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Либретто авторлары Джузеппе Адами мен Ренато Симони.

Оқиғалар желісі шытырманға толы: айла-шарғысы мол Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырып, жауабын тапқан жанға жар болуға уәде береді, ал жеңіліс тапқанға бір ғана жұбаныш – өлім болмақ. Калаф ханзада қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буады…

Жетекші еуропалық сахналар мен туған Италия театрларындағы 22 жылдық еңбек жолында қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші, жарық бойынша суретші және өзге де театралдық мамандықтарды жетік меңгерген режиссер Давиде Ливермор шым-шытырманның түйінін шешеді. Ол атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған.

 

Поделиться: