Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» көрмесі

Промо:

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 28 - 30 қыркүйек

Уақыты: 10:00 - 18:00

Сипаттама:

2017 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ұлттық музейлер бірлестігі: Елисей даласындағы Үлкен Сарайдың Президенті Сильви Юбак Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет, өнер және мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы таяудағы 5 жылға арналған меморандумға қол қойды. Басты басымдық – көрмелер алмасу, Франция және Қазақстан суретшілерінің көрмелерін жоспарлау.

Қол жеткізген екі жақты уағдаластықты жүзеге асырудың логикалық жалғасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде бірлескен «Поль Серюзье және Бретань: аңыздардың сиқыры» көрмесі өткізілетін болады.

Көрме алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарын мемлекеттік және француздардың жеке коллекцияларынан 50-ден астам туындыны біріктіріп, француз көркемсурет мектебінің ең жарқын беттерінің бірімен таныстырады. Көрме экспозициясының басым бөлігін зияткер-суретші, наби қозғалысының жарқын өкілі, француз өнеріне дүниені ерекше сезінуді енгізген Поль Серюзьенің еңбектері құрайды.

Көрмеде сол сияқты «Наби» көркемсурет тобының мүшелері Жорж Лакомның, Генри Мореттің, Морис Денидің, Огюст Казалистің, Эмиль Бернардың туындылары, сондай-ақ постимпрессионизмнің ең ірі өкілі, өз шәкірті Поль Серюзьенің шығармашылығына үлкен әсер еткен Поль Гогеннің туындылары да ұсынылады.

Көрмеге келушілер зор ләззат алып, өздеріне сол заманның рухы мен эмоциялық күйін сіңіре алады, бірегей кескіндемелерді көреді және ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы керемет өнердің бөлшегі болады. Көрмеде болу – бұл арасында Поль Серюзьенің «Теңіз бен жағалау» («La mer et la côte»), «Тоқымашы» («Le Tisserand»), «Махаббат бәйтерегі» («Le bois d'amour») және тағы басқа көптегенәлемдік деңгейдегі атышулы шеберлердің тамаша көркем сурет туындыларымен кездесу. «Поль Серюзье және Бретань: аңыздардың сиқыры» көрмесі суретшілер жырлаған Бретани әлеміне шомып, Франция мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік береді.

 

Поделиться: