Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

«Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» көрмесі

Промо:

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 6 маусым - 10 қыркүйек

Уақыты: 10:00 - 18:00

БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ

Сипаттама:

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі әлемнің, оның ішінде Ресей Федерациясының жетекші музейлерімен жемісті ынтымақтастығын жалғастыра отырып, 2018 жылғы 7 маусымда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» көрмесін ашады.

Третьяков галереясы –Ресейдің әлемдік мәдениетке қосқан қайталанбас үлесін көрсететін ұлттық өнерінің басты музейі. Ол өзінің бай коллекциясымен және ұсынатын идеяларының жан-жақтылығымен таныс.

Ресейдің атақты да көне музейінің қорларынан бірегей көркем суреттер Қазақстанда алғаш рет ұсынылмақ. Көрмеде Третьяков галереясының орасан мол асыл қазынасының бір бөлігі саналатын және әлемдік өнердің алтын қорына кіретін бейнелеу өнерінің тұтастай алғанда елу туындысы экспозицияланады.

Көрмеге келушілер орыс кескіндемесінің дамуына зор үлес қосқан әрі жаңа стильдік тенденциялар мен бағыттар жасаған және көп жағдайда дәуір бейнесін белгілеп берген ең танымал суретшілердің туындыларымен танысады. Көрмеге келушілер «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кірген орыс авангардының дүние жүзіне танылған суретшілері Петр Кончаловский, Илья Машков, Александр Куприн, Роберт Фальк және Аристарх Лентуловтардың туындыларымен танысады.

Сол сияқты бала күнімізден жақсы таныс Федор Решетниковтың «Тағы да екілік», Татьяна Яблонскаяның «Таңертең», Владимир Стожаровтың «Зығыр», Аркадий Пластовтың «Тракторшылардың кешкі асы» және тағы басқа хрестоматиялық көркем суреттерді тамашалауға болады. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Бөлісу: