Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Бүкіләлемдік оқу конгрессі

Промо:

Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы

Күні: 10 - 12 қыркүйек

Уақыты: 10:00 – 18:00

 

Сипаттама:

Конгресс жұмысына шетелден 44 өкіл, , 140 – еліміздің аймақтарынан, Астана қаласындағы ғылыми және шығармашылық ортадан 150 зиялы қатысады.

Конгресс мақсаты – Кітап оқуды мәдениеттің ең маңызды элементі, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін және бәсекеге қабілетін арттыратын, тұлға мен қоғамның шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін өсіретін құрал ретінде танып, әлемдік деңгейде қолдау көрсету. Конгресс міндеті – қоғам мен мемлекетті, әлеуметтік жауапты бизнес, саяси және мәдени элита және қоғамның барлық топтарын кітап оқу мәселесіне назар аударуына тарту, кітап пен кітап мәдениетінің жоғары мәртебесін қолдау; кітап пен кітап оқуды қолдау бойынша халықаралық тәжірибені жан-жақты тарату. 

Конгресс жұмысы барысында кітап оқу мәдениеті бойынша әлемдік тәжірибе кеңінен талқыланады. Кітапхананың ақпараттық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрлым ретіндегі қызметінің өзекті сұрақтары қарастырылады. Конгресс жұмысында технологиялық инновациялар, ақпарат пен білімді таратудың жаңа әдістерін қолдану арқылы дамып келе жатқан Қазақстанның кітапхана саласы мен оның қызметіне қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін Қазақстандағы кітапханалық қауымдастық кітап мәдениеті мен кітап оқудың маңызын қолдауға мән беретін тиімді жолдарды қарастыруда.

 

Поделиться: