Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Тұңғыш рет Астанада, атақты Р. Коччанте мен Л.Пламондонаның «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады.

Промо:

Өтетін орны:  Бейбітшілік және Келісім сарайы

Күні: 28 қараша - 2 желтоксан

Сипаттама:

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана Мюзикл» театры әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклін тұңғыш рет қазақ тілінде көрермен назарына ұсынбақ. Астана тойына тарту ретінде сахналанатын мюзикл – француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған. Аталған қойылымда әйгілі «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық ән орындалады.

Дүниежүзіне танымал мюзиклдің 20 жылдығы елордамыз Астананың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Әйгілі туындының сахналануы еліміздің мәдени өмірінің дамуына бағытталған. «Notre Dame de Paris»  мюзиклінің премьерасы отандық театр тарихындағы айтулы оқиға болмақ.

Жерар Пресгурвиктің «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті сахналаған елордалық «Астана Мюзикл» театры үшін бұл қойылым үлкен жауапкершілікті жүктейтейді. Гиннестің Рекордтар кітабына енген «Notre Dame de Paris» мюзиклі көрерменді бейжай қалдырмасы анық.

Дворец Мира и Согласия
 

Поделиться: