Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Астанада сәулетшілердің халықаралық конгресі басталады

Промо:

Өтетін орыны: Тәуелсіздік сарайы

Күні: 16 - 18 шілде

Уақыты: 10:00 - 19:00

Сипаттама:

2018 жылғы 16 шілде күні сағат 10.00-да Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша Астана қаласы әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлестікте Сәулетшілердің халықаралық конгресі өтеді, конгресс жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін созылады (18 шілдені қоса).

Конгрессті Қазақстан Республикасының елордасында өткізу Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Елорда ерекшелігінің бірі - оның сәулеттік бет-бейнесі, қазіргі заманғы дүниежүзілік сәулет өнерінің әлемдік трендтері серпінді даму үстіндегі қаланың қайталанбас атмосферасын құрайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында туындайтын мәселе - елорданың архитектуралық және мәдени келбетін одан әрі дамыту және жетілдіру, бұл елдің имиджін қалыптастырады. Елорда ретіндегі Астана келбеті ғасырлар бойы жасайды, және, тиісінше, оны дамыту үшін тереңінен ойластырылған сәулеттік идеялар мен шешімдер қажет. Алайда әлемдегі сәулеттік жетістіктерге бейімделу ұлттық дәстүрлердің жоғалуына әкелмеуі тиіс. Конгресс кәсіби тәжірибе алмасу және жаһандық контекстегі жергілікті барабарлық сұрақтарына жауап іздеу арқылы отандық заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатымен өткізіледі.

Конгресс шеңберінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстелдер отырыстарын, шеберлік сабақтарын, атақты шетелдік сәулетшілер мен урбанистердің дәрістерін өткізу, сонымен қатар жас сәулетшілер мен студенттердің арасында стартап уикенд форматындағы байқау жоспарланған.

Конгресске 20-дан аса елден танымал сәулетшілер, урбанистер мен зерттеушілер; Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы) отандық сәулетшілер мен инженер-жобалаушылар, девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, студенттер, өкімет пен бизнес өкілдері, қала белсенділері, урбанистер, экономистер, философтар, қазіргі заманғы суретшілер және БАҚ өкілдері қатысады.

 

 

 

Бөлісу: