Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

М. Төлебаев «Біржан - Сара» операсы ашық аспан астында

Промо:

Өтетін орны: «Бұрабай» демалыс аумағы

Күні: 14 шiлде

Сипаттама:

«Астана Опера» театрында ашық аспан астында опералық және балет спектакльдерін өткізу жақсы дәстүрі бар. Мұндай қойылымдар көрермендер аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырады және қала мәдени ортасын қалыптастыруда орасан зор роль атқарады.

Астана қаласының 20 жылдығы «Біржан - Сара» операсын Қазақстанның ең әсем жерінде – Бұрабай көлінің курортты аймағында қоюмен ерекшеленеді. Спектакль тамаша табиғи ландшафтқа ерекше үйлесімдікте, бұл опера оқиғасында өрбіп жатқанды эмоциялық қабылдауды және шынайылығын күшейтеді. Әрине, бұл заңды, өйткені Көкшетау – ақын Біржан салдың туған жері.

Атақты Көкше тауының етегінде қазақ халқы үшін қасиетті жер бар, ол талай аңыздың арқауы болған жанды табиғаттың ерекше ескерткіші – Абылай хан жазығы. 1991 жылы осы алаңда Абылай ханның 280 жылдығына орай ескерткіш орнатылған болатын, бұл осы жерде өткізілетін іс-шараға ерекше мән-мағына береді.

 

Бөлісу: