Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Дж. Россини «Севильский цирюльник» операсының премьерасы

Промо:

Өтетін орны: «Астана Опера» МОБТ

Күні: 12, 14 қазан

Сипаттама:

Осы маусымның асыға күтілетін премьерасы 12 және 14 қазанда өтеді. Жұртшылыққа Джоаккино Россинидің әлем бойынша мың қайтара орындалуына себеп болған шапшаңдығымен, музыкалық әзілқойлығымен ерекшеленетін тамаша туындысы, әйгілі «Севильдік шаштараз» операсы дайындалуда. Қойылым тобы аты шулы есімдерден құралған: әйгілі қоюшы режиссер Альфонсо Антониоцци, «Астана Опера» театрымен бірлесіп көптеген қойылымдарды іске асырып жүрген театрдың тұрақты серіктесі - сценограф Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино - «Сирано де Бержерак» фильміндегі жұмысы үшін «Оскар» сыйлығына ие болған (1990 жыл, басты рөлде Депардье). Осындай хас шеберлермен бірге жұмыс жасау жас театр үшін үлкен мәртебе.

Спектакльдер жайлы толық ақпаратты «Астана Опера» театрының сайтынан біле аласыздар, касса телефоны: 709 600.

 
 

Бөлісу: