Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

«Ұлы дала аламаны» ат бәйгесі (150 шақырым)

Промо:

Өтетін орыны: Ерейментаудан Астанаға дейін

Күні: 24 - 26 тамыз

Уақыты: 10:00-ден

Сипаттама:

2018 жылы Ақмола облысының аумағында 150 шақырымға аламан бәйгеден «Ұлы дала аламаны» республикалық турнирі өтеді. Аламан бәйгенің бағыты Ерейментаудан Астана қаласына дейін. Аламан бәйгеде барлық облыстардан Астана, Алматы қ.қ. ең мықты шабандоздар қатысады.

Турнирдің қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және ақшалай жүлделермен марапатталады.

Осы турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қ. әкімдігі, Ақмола облысының әкімдігі, Ұлттық ат спорт түрлері орталығы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Ақмола облысының ұлттық спорт түрлері федерациясының жәрдемдесумен және ұйымдастырумен өтеді.

Турнир «Қазспорт» және «Қазақстан» республикалық телеарналарында, сонымен қатар интернет желілерінде көрсетіледі.

 

Бөлісу: