Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

І Халықаралық қысқа метражды фильмдер «Positive» фестивалі

Промо:

Өтетін орны: «Қазақстан» ОКЗ

Күні: 25 - 26 қыркүйек

Сипаттама:

Астананың 20 жылдығына орай І Халықаралық қысқа метражды фильмдер «Positive» фестивалі өтеді.

Астананың 20 жылдығы – тарихи кезең, бұл еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлкен үлес қосқан әлемнің ең жас астанасының пайда болып, өркендеу кезеңі.

Фестивалдің басты мақсаты – өркендеп өсіп кележатқан мемлекетіміздің позитивті имиджін қолдап, дамыту, мүмкіндіктерімізді айқындау, Астанамыздың әлемдік және жергілікті дамуда алатын орнын көрсету. Сонымен қатар фестиваль шет елдік кинематография саласының мамандарымен тәжірибе алмасу арқылы, болашақта да олармен тығыз байланыс қалыптастыруды көздейді.

«Positive» фестивалінің ерекшелігі – басты рөлде Астана қаласы мен шет елдің танымал актерлері ойнайтын, Қазақстанның үздік кинорежиссерлерінің түсірген 10 қысқа метражды фильмін қала қонақтары мен тұрғындарының назарына ұсыну. Сол арқылы фестиваль ұйымдастырушылары әр кинолентаның маңыздылығын айқындап, әлемдік жұлдыздар арқылы Астананың позитивті имиджін қалыптастыруды көздейді.

Фестивалдің атауына лайық бұл фильмдерде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының қызықты, позитивті оқиғалары баяндалады.

 

Бөлісу: