Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Мәдениет және спорт министрлігінде Баспасөз орталығы ашылды 13.05.2018 00:00175

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде Баспасөз орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан былай министрлікке қатысты маңызды тың ақпараттар енді осы алаң арқылы тарқайтын болады.

«Баспасөз орталығының алғашқы отырысы 14 мамырға белгіленген. Онда Бүкілресейлік кинематография институты 100 жылдық мерейтойын Қазақстанда атап өтілуіне қатысты баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының ректоры Владимир Малышев, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева қатысады», - делінген хабарламада.

Осы шара аясында бірнеше іс-шараларды өткізу жоспарланған. Мысалы, институттың ең дарынды студенттері елордалық және алматылық көрермендер үшін «Евгений Онегин», «Много шума из ничего» және «Говорящий немой» атты үш спектакль ұсынады.

Профессорлық құрам кәсіби қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін режиссура, анимация, сахналық қозғалыс, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

www.inform.kz 

 

Смотреть все новости

Бөлісу:

Обязательно прочитайте следующие новости: