Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Астанада ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің өтеді 30.05.2018 00:0068

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің өткізілуі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, «Қазақстанның Еңбек Ері» Асанәлі Әшімов, «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазақстан театрлары қауымдастығының вице-президенті, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешева қатысты.

Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі өте ауқымды мәдени іс-шара. Себебі Астананың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында театр фестивалі  елордалықтар мен қала қонақтарының үздік театр қойылымдарымен танысуына мүмкіндік береді. Дүниежүзілік мега жобаның ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы. ІІ Дүниежүзілік театр фестивалінің шымылдығы 16 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында ашылады. Өз кезегінде Асхат Маемиров фестиваль аясында қандай театр ұжымдары өнер көрсететінін мәлім етті. «Өзінің үздік қойылымдарын айтулы қазақстандық өнер ұжымдары - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық-драма театры, «Астана мюзикл» театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұсынады. ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінде келесі әлемдік театр ұжымдары бас қоспақ: «Piccolo Teatro di Milano» (Италия), «1927» (Ұлыбритания), «Meno Fortas» (Литва), «TRWarszawa» (Польша), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық театры (Грузия), «Beijing People's Art Theatre» (Қытай), «Nakamura Gekijo» (Жапония), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), «Мәскеу губерниялық театр», Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театры (Ресей)», - деді ол өз сөзінде. Сонымен бірге фестиваль шеңберінде белгілі француздық кино және театр актрисасы, Оскар сыйлығының, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» жүлдесінің, Берлин, Венеция кинофестивальдері сыйлығының иегері Жюльет Биноштың өнерін, шеберлік сыныптарын тамашалау сәті түседі. Ал Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімовтың айтуынша, фестивальге Алексей Бортошевич (Ресей), Йонас Вайткус (Литва), Давид Асатиани (Франция), Беатрис Пикон-Валлен (Франция), Есихиро Накамура (Жапония), Давид Папава (Ұлыбритания) сынды Еуропа мен Азияның белгілі театр сыншылары мен драматургтері қатысады. Ұйымдастырушылар спектакльдердің «Қазақстан» орталық концерт залы, «Энергия холы», Бейбітшілік және Келісім сарайы, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры сахналарында қойылатынын жеткізді.

По данным: www.madeniportal.kz  

 

Смотреть все новости

Бөлісу:

Обязательно прочитайте следующие новости: