Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Астанада Дүниежүзілік театр фестивалі өтпек 29.05.2018 00:00176

Маусым айының 16-сы мен 29-ы аралығында Астанада дүниежүзілік театр фестивалі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде өткен бас қосуда  «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы мәлімдеді Былтыр алғаш өткізілген фестиваль белгілі театр және кино актері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойымен байланыстырылса, биылғы фестиваль елорданың 20 жылдығына арналмақ.

Биыл екінші рет өткізілгелі отырған фестивальге үздік қойылымдарын қазақстандық өнер ұжымдарымен бірге  әлемдік театр ұжымдары ұсынбақ. Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов «Астана» театр фестивалі халықаралық дәрежедегі  ірі мәдени іс-шара екендігін және фестивальге қатысатын театр сыншылары жөнінде баяндай келе, отандық театр сыншылары мен өнер тақырыбын қаузайтын журналистерге көңілі толмайтынын айтып қалды. Сонымен қатар өнер майталманы көрермен деңгейінің әлі де лайықты дәрежеге көтерілмей отырғаны қынжылтатынын баса айтты.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров өнер қайраткерінің сөзін жалғап, театр өнеріндегі кәсіби шығармашылық ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында фестивальге Ресейден, Литва, Франция, Жапония, Ұлыбритания, басқа да мемлекеттердің белгілі театр сыншылары мен драматургтері қазақстандық жастарға шеберлік сыныптарын өткізетініне тоқталды.

Сонымен бірге фестиваль шеңберінде белгілі француздық кино және театр актрисасы, Оскар сыйлығының, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» жүлдесінің, Берлин, Венеция кинофестивальдері сыйлығының иегері Жюльет Биноштың өнерін тамашалау сәті түспек.

 «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешева мұндай театр фестивальдерінің өткізілуі –  жастар үшін маңызды үрдіс, себебі біздің жастар өзге елдің театр ұжымдарының өнерін тамашалап қана қоймай, мол тәжірибе алмасады. Осындай халықаралық тәжірибе отандық режиссерлер, театртанушылар мен актерлер үшін өте маңызды екенін айтты.

ІІ Дүниежүзілік театр фестивалінің шымылдығы 16 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында ашылады.

www.abai.kz 


Смотреть все новости

Поделиться:

Обязательно прочитайте следующие новости: