Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Димаш та, Самал да Қазақстанда қалыптасты - Арыстанбек Мұхамедиұлы 21.06.2018 11:40103

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ таланттарының шетелде танылуы туралы сындарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Канн фестивалінде жеңіске жеткен Самал Еслямова мен Қытайдағы ән байқауында топ жарған Димаш Құдайбергенге ерекше тоқталды. "Димаш қытайлардың арқасында, Самал - француздардың арқасында танылды деген пікір халық арасында бар. Димаш өзінің Қазақстанда өскенін, Ұлттық өнер университетінде оқитынын қанша айтса да, оны Қытайға теліп қоятындар табылады. Ел арасында сондай қызық психология қалыптасыпты", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада халық алдында есеп беру кездесуінде. Министр ресейлік әнші Альбина Жаңабаеваның жазбасын мысалға келтірді.

"Ресейге танымал әнші Альбина Джанабаева Астрахан өңірінде туған, оның әкесі қазақ, адай руынан. "Voice of Astana" концертіне келгенде Альбина өз таланттарымызға, Батырхан Шүкеновке, Байғали Серкебаевқа құрметімізді көріп, риза болды. Инстаграм желісіне өзінің қазақ екенін, қазақтан шыққанын мақтан тұтатынын жазды, тарихи отанына сәлем жолдады. Шеттегі қазақтардың өзі шыққан тегін мойындап жатқанда, өз елімізде өскен таланттарды сыртқа тебу жарамайды", - деді ол.

"Димаш бәрібір танымал әнші болар еді. Себебі, конкурстар әлемнің барлық елінде өтеді. Иә, Қытайға барғаны рас. Олай бағалсақ, Серік Сәпиевті ағылшындардың көмегімен танылды деп айта аламыз ба? Данияр Елеусінов - Рио-де-Жанейрода, Ольга Шишигина - австралиялық кенгурулардың арқасында қалыптасты дей алмаймыз ғой. Осы үшін халықаралық байқаулар мен олимпиадалар өткізіледі, таланттардың танылуы үшін", - деді А. Мұхамедиұлы.

По данным: www.inform.kz

Смотреть все новости

Бөлісу:

Обязательно прочитайте следующие новости: