Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Жюльет Бинош қазақ ақынының өлеңдерін оқып берді - министр 29.06.2018 10:007

«Оскар» және Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» сыйлықтарының иегері Жюльет Бинош Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 «Танымал француз актрисасы біздің елорданы 20 жылдығымен құттақтау үшін келді. Сонымен қатар фестиваль аясында моноспетакльмен өнер көрсетті. Атап айтқанда, Жюльет Бинош қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың «Өлең туралы» және «Сарыарқа» өлеңдерін оқып беріп, жиналған жұртшылықты таңғалдырды. Жалпы, осы жайт француз актрисасы мен қазақ ақынының шығармашылығын құрметтейтін адамдар үшін тосын сый болды», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында.

А. Мұхамедиұлының айтуынша, Жюльет Бинош өз сөзінде Қазақстан туралы позитивті әсер алғанын, сонымен қатар Ұлы Даланың кеңістігі мен Астананың қарқынды сәулеттік идеясы таңғалдырғанын атап өткен.

«Актриса Қазақстан халқының ақ пейіл ниетіне қуанғанын жеткізіп, ұзақ мерзімге біздің елге тағы да сапарлап келуді жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар Жюльет Бинош біздің отандасымыз Самал Еслямованың үлкен жетістігі үшін қуанышты екенін атап өтті», - делінген жазбада.

Министрдің сөзіне қарағанда, Дүниежүзілік театр фестивалі аясында Астананы 20 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін Италия, Ұлыбритания, Литва, Польша, Германия елдерінен танымал әлемдік театрлар келді.

Жалпы, түрлі елдерден сапарлап келген 17 театр атақты спектакльдерді ұсынды.

Толығырақ: www.baq.kz

Смотреть все новости

Бөлісу:

Обязательно прочитайте следующие новости: