Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені

Елордамыздың 20 жылдығына арнайы құрылған «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің екінші маусымының салтанатты ашылуы 1 маусымда болады және жаздың соңына дейін өз жұмысын жалғастырады.

Ауқымды оқиға қазақ мәдениеті мен тарихының көп ғасырлық жауһарын жинақтаған. Этноауылды өз саласындағы айрықша және алғашқы ұлттық жоба деп мақтанышпен айтуға болады. Кешеннің қақпасынан кіре бергеннен қонақтарды батыр көшпенділердің, шексіз сар даланы бағындырушылардың ежелгі заманына қас қағым сәтте алып барады. Астананың мерейтойын атап өтуге келген әр адам өзі үшін қызықты және есте қаларлық оқиғаны көруіне мүмкіндік алады. Этнауыл аясында этникалық музыка және театр өнерінің фестивальдері, көркем көрмелер, қолданбалы-сәндік өнерінің әр түрлі шеберлік сыныптары, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, атты-спорттық іс-шаралар және т.б. өтетін болады. 2500 шаршы метр алаңына жайылған аймақ: «Шеберлер ауылы» секторы, «Спорттық-цирктік іс-шаралар» секторы, «Концерттік зал» секторы, «Демалыс аллеясы» секторы, «Дәстүрлі қазақ және шығыс тағамдары мейрамханасы» секторы, «Ұлттық дәстүрлер мен салттар» секторы, «Жібек жолы» Шығыс базары секторы, «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері» секілді көптеген секторларға бөлінген.

 

Этнауыл аясындағы ең ауқымды күтілетін оқиға, сазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Алпамыстың жарқын жебесі» атты театрландырылған цирктік шоу болады. Осы іс-шара үшін ұлттық-мәдени кешен аймағында 1000 көрермен орнына арналған, соңғы шоу-техникамен жарақталған айрықша концерттік зал салынады. Субұрқақпен, арнайы эффектілермен және ерекше панорамалық экранмен жоғары технологиялық сахна ежелгі құбыжықтармен жойқын шайқасқа түсу үшін қайсар батырлар өтуі керек қауіпті оқиғалар мен хор қыздарының еліктірер әсем билері үйлесімдікте көрсетілетін тамаша театрландырылған цирктік таңғажайып көрініс өтетін орынға айналады. Қазақ тарихының сонау ежелгі және беймәлім беттеріне алып баратын «Алпамыстың жарқын жебесі» атты сиқырлы аңыз көрінісі қазіргі уақытта әлемге Қазақстанның жаңа елордасы – Астана ретінде танымал болған ежелгі Бозоқ қаласының көшелерінде және алаңдарында өрбиді. Бозоқ қаласының атауы «Боз оқ» - яғни, жарқын жебе деген ұғымды білдіреді.

Қойылымға әр елден келген 70 артист қатысады. Олардың бәрі халықаралық цирктік конкурстарының лауреаттары және ең жоғарғы деңгейдегі спорттық сайыстардың жеңімпаздары, Du Soleil циркінің көп жылдар бойы қатысушылары.

Айрықша Этноауыл Астана қаласынан 14 шақырымда орналасқан «Қазанат» атшабарының аумағында орын алған. Кешен 30 киіз үйден, сондай-ақ Этноауылдың жалпы композициясын тамаша көркейтіп тұратын көркемдік-қолданбалы элементтермен жабдықталған кіші сәулет нысандары – ландшафты сәулет құрылымдарынан тұрады.